Жетісу облысында жоғалған үш жасөспірімнің біреуі табылды
![Жетісу облысында жоғалған үш жасөспірімнің біреуі табылды Жетісу облысында жоғалған үш жасөспірімнің біреуі табылды](/storage/storage/element/2023/09/16/mainphoto/68617/1200xauto_ufI2FN6z6Hq904htK63kvjZzAoJF7ZmmzSDA6agD.jpg)
Жетісу облысының полиция қызметкерлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz-тің мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуінің орналасқан жерін анықтады.
Полицейлер мен туыстары 8 қыркүйектен бастап іздеп жүрген кәмелетке толмаған Кенжебек Мұқан Алматы қаласында табылды. Полиция жасөспірімді үйге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Баланың анасы полиция қызметкерлеріне оны іздестіруге жәрдемдесіп, өз үйіне аман-есен оралғаны үшін алғысын білдірді.
Хабар-ошарсыз кеткен тағы екі жасөспірім – Ақерке Жолдасова мен Әмір Тергеуовке қатысты іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Кәмелетке толмағандарды іздестіруді облыстық полиция департаменті мен Қаратал аудандық полициясының жедел қызметкерлері жалғастырып жатыр.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)