Жетісу облысында жасөспірім екі адамға шабуыл жасаған
Күдікті қамауға алынды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
12.02.2023 10:40
1619
Жетісу облысында екі ауыл тұрғынын өлтірмек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
10 ақпан аудандық ауруханаға 17 және 18 жасар екі жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен жатқызылды. Жәбірленушілерді 17 жасар танысы жарақаттағаны анықталды.
Күдікті ұсталды және қамауға алынды. Фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 24-бабына, 99-бабына сәйкес «Адам өлтіруге оқталу» жүргізіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Венгриядағы бокс турнирінде топ жарды
Келесі жаңалық
Сәуірдің алғашқы күндері ауа райы қандай болады