Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
29.09.2023 18:17
1972
Бұл факт Кербұлақ ауданында тіркелді, 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.
«Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған», - деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясы.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда зейнеткерден 2 млн теңге алған алаяқ ұсталды