Жаңалықтар

Жетісу облысында үш жолаушы жол апатынан қаза болды

Жетісу облысында үш жолаушы жол апатынан қаза болды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 11.06.2023 12:23 912

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қайғылы оқиға кезінде бақилық болған үш жолаушының барлығы әйел адамдар болған. Оқыс жағдай «Алматы-Өскемен» тасжолының Көксу ауданы аумағында тіркелген. 

Белгілі болған дерек бойынша «Тойота Камри» мен «Тойота Ленд Крузер Прадо» көліктері соғылған. Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі көліктердің бірінің дөңгелегі жарылып, соңы апатты жағдайға әкелгенін мәлімдеді. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол талғамайтын көлік салонындағы үш жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған ПД-нің ақпаратында. 

Осы орайда полиция жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдықты қатаң сақтауға және жол ережесін бұзбауға шақырып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға