Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
04.01.2025 14:02
496
Бүгін Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» тас жолында жолаушылары бар бес жеңіл көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен жолдың күрделі бөлігіне шықты. Достық станциясына 11 жергілікті тұрғынның барлығы жеткізілді, оның ішінде 3 бала. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Сондай-ақ, құтқарушылар қосымша жабық учаскені аралап шықты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Тас жолдарда қлып қойған 500 жолаушы пойыздар арқылы жеткізілді
Келесі жаңалық
Қапшағай су қоймасына 20 шақырым заңсыз торлар қойылған