Жаңалықтар

Жетісу облысында табиғи қорық директоры сотталды

Жетісу облысында табиғи қорық директоры сотталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 03.12.2024 16:38 259

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры сотталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алакөл мемлекеттік қорығы» РММ директоры Қ. Әбілқасымовқа, оның орынбасары Н. Бейсеновке және бөлім басшысы Р. Шалапановқа сот үкімі шыққан.

Олар қызмет көрсетілетін аумақта заңсыз шөп шабу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін жергілікті тұрғындардан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.

Әбілқасымов пен Шалапановтың әрқайсысына 10,5 млн теңге, ал Бейсеновке 15,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы үкіммен Алакөл ауданының тұрғындары О. Булгунчинов мен К. Канагатов аталмыш лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін сәйкесінше 6 млн теңге және 2,2 млн теңге айыппұлға сотталды. Сонымен қатар сотталғандарға өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға тыйым салынады, - деп нақтылады Антикор.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға