Жаңалықтар

Жетісу облысында су мотоциклін жүргізген демалушы аяқсыз қалды

Жетісу облысында су мотоциклін жүргізген демалушы аяқсыз қалды
Фото: © Pixabay.com 31.07.2023 15:15 672

Алакөлде демалушының аяғын су мотоциклінің ескіші жұлып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған оқиға 30 шілде күні Жетісу облысы Алакөл ауданындағы көл жағалауында орын алған.

Оқи отырыңыз:

1984 жылғы зардап шегуші Алакөл ауданының ауруханасына жеткізілді. Ол оқиға салдарынан сол аяғынан айырылған.

Қазір науқастың жағдайы ауыр. Ол арнайы аппараттың көмегімен тыныс алуда. 1984 жылы туған пациент Алакөл аудандық ауруханасына 30 шілде күні сағат 16:10 келіп түсті. Алған жарақаты салдарынан пациенттің сол аяғы жұлынып кеткен. 3-4 сатыдағы травматикалық шок алған. Жедел түрде сол аяғына операция жасалды. 31 шілде күнгі мәлімет бойынша пациенттің жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр., - деді Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Оқиғаға байланысты полиция ҚР ҚК 344-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға