Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
29.08.2023 10:00
1232
Жетісу облысында Көліктік бақылау инспекциясы басшысы орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңгені құрады.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында 50 мыңдай вейп жойылды
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы