Жаңалықтар

Жетісу облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды

Жетісу облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 09.03.2025 08:33 356

Бүгін өңірге қарасты Кербұлақ ауданында, «Сарыөзек-Қарашоқы» тасжолының 25-шақырымында көлік қарға батып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көмек сұралған бойда ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына аттанды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде қар құрсауынан 4 жеңіл көлік шығарылып, 12 адам аман-есен құтқарылды! Барлығы ересектер, зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте. 

Кейін жүргізушілер сапарларын өз бағыттары бойынша жалғастырды.

ТЖМ тарапы ел тұрғындарына қысқы жолда мұқият болуды, алыс сапарға шығар алдында ауа райын тексеріп, қажетті жабдықтарыңызды дайындап алуды ескертеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға