Жаңалықтар

Жетісу облысында мореналық көлдер мен сел қаупі бар учаскелер тексерілді

Жетісу облысында мореналық көлдер мен сел қаупі бар учаскелер тексерілді
Фото: Жетісу облысы ТЖД 18.08.2023 22:33 1558

Облыс бойынша 58 сел қаупі бар учаске және 416 мореналық көл бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Табиғи сипаттағы қауіпті төтенше жағдайлардың алдын алу және мониторингілеу мақсатында, ағымдағы жылдың 17 тамызында ТЖД қызметкерлері мен Қазселденқорғау ММ мамандары мореналық көлдердің жай-күйіне аэровизуалды тексеру жүргізді.

Мақсаты – «Жетісу Алатау» тау жотасындағы мореналық көлдердің, Бүйен, Ақсу, кіші және үлкен Басқан, Сарқан және Лепсі өзендерінің арналары бассейндерінің жай-күйін бағалау.

Жалпы, облыс бойынша 58 сел қаупі бар учаске және 416 мореналық көл бар.

Зерттеу нәтижелері бойынша мореналық көлдердің мұз бен қардан ашық екендігі, биік таулардағы қысқы қар ерігені, мұздықтардың еруі, мореналық көлдерге салалар максималды мәннен төмен екендігі анықталды. Көлдердегі су деңгейі қалыпты шектерде, өзен арналары бос, кептелістер жоқ, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар анықталған жоқ, зерттелген маршрут бойынша жағдай тұрақты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға