Жетісу облысында көлік аударылып, зейнеткер жүргізуші қаза болды
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
24.08.2023 15:52
733
Жетісу облысында көлік аударылып, зейнеткер жүргізуші қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік апаты Ескелді ауданында LADA Largus автокөлігінің қатысуымен болған. Жергілікті маңызы бар Көксу – Балпық би – Қарабұлақ – Қайнарлы тас жолының 34-шақырымында көлік аударылып, оқиға орнында 64 жастағы жүргізуші зейнеткер қаза тапты.
Көлік салонында болған екі ер адам және екі әйел азаматы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеруден кейін екі адамға амбулаториялық ем тағайындалып, екі адам ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады Ескелді ауданының полициясы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан ЖОО-ларында жасанды интеллект туралы курстар оқытылады
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы 30 жылда қалай дамыды