Жетісу облысында көлік апатынан 4 адам зардап шекті

Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті
Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті
22.06.2023 10:43
798
Жетісу облысында көлік апатынан 4 адам зардап шекті, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ескелді ауданындағы Ақын Сара ауылында болды.
21 маусымда ВАЗ-2114 автокөлігі аударылды. Оқиға кезінде жарақат алған 24-50 жас аралығындағы 4 ер адам ауруханаға жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үшеуі амбулаториялық емделуге жіберілді, - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ескелді аудандық полиция қызметкерлері көлік апатының мән-жайын анықтауда. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Найзағай, жаңбыр: 22 маусым күні ауа райы қандай болады?
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді