Жаңалықтар

Жетісу облысында инвесторларға 3 жыл жер телімдерін берілмей келген

Жетісу облысында инвесторларға 3 жыл жер телімдерін берілмей келген
Фото: © El.kz 04.03.2024 10:31 936

Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу өңірінде 3 жылдан астам екі шаруа қожалығы бордақылау алаңын салу және асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін жер телімдерін ала алмаған.

Жер заңнамасына қайшы, жергілікті атқарушы орган негізсіз жер телімдерін беруден бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау актісін енгізгеннен кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Инвесторлардың дабылдарына жедел ден қою мақсатында Фронт-офис құрылып, Жетісу облыстық прокуратурасының Мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз (байланыс телефоны 8-701-131-04-44), - делінген прокуратура ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға