Жетісу облысында есірткі плантациясы анықталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
23.06.2023 05:25
918
Жетісу облысының Қаратал ауданында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірген адам анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары Ескелді ауылының 51 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің жеке тұрғын үй учаскесінде марихуана өсірген.
Күдіктінің бақша учаскесінде марихуананың 105 бұтасы табылды. Сонымен қатар оның жеке үйінен 2 келіге жуық өсімдік тектес есірткі тәркіленді, - деді Қаратал аудандық ПБ Нұрболат Шаму.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйелін өртеп жіберді