Жаңалықтар

Жетісу облысында далада қалған жүргізушіге құтқарушылар көмек көрсетті

Жетісу облысында далада қалған жүргізушіге құтқарушылар көмек көрсетті
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 15.02.2025 23:48 667

ТЖМ қызметкерлері Жетісу облысының ауылды жерінде далада қалған жүргізушіге көмек көрсетіп, үйлеріне жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірге қарасты Сарқан ауданының Екіаша ауылынан 10 шақырым қашықтықта көлігі сынып қалған жүргізуші құтқарушыларға жүгінген.   

ТЖМ құтқарушылары сынып қалған көліктен Сарқан қаласына 1989 жылы туған ер адамды жеткізді. Ол ауа райынан зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға