Жетісу облысында бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйел сотталды
Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ
Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ
09.12.2024 16:23
365
Жетісу облысында бір әйел алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірнеше рет жасаған алаяқты полиция Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен ұстады. 2 жыл бойы өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел халықтың сеніміне ие болып, оларға ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алуға және тегін субсидиялар алуға көмегін ұсынды.
13 адам алаяқтың құрбаны болды, оның келтірген шығыны 12 миллион теңгеден асты.
Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, гранттар, субсидиялар немесе несиелер алған кезде орын алған мұндай жағдайлар туралы хабарлауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Димаш Құдайберген тағы бір атаққа ие болды
Келесі жаңалық
Оралда жолаушылар автобусы өртенді