Жаңалықтар

Жетісу облысында бірнеше аула мен көшені су басты

Жетісу облысында бірнеше аула мен көшені су басты
Фото: Видеодан кадр 06.03.2023 09:53 980

Жетісу облысында еріген қар суы бірнеше үйдің ауласы мен көшені басып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«5 наурызда ауа температурасының +15 с° дейін көтерілуінен қардың жылдам еруіне байланысты Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Қызылжар ауылында ауылдың шығыс бөлігінде орналасқан егістіктерден еріген қар суы ағылды. Арық жүйесі тасқын су көлеміне төтеп бере алмай, су Шыныбек көшесін басып қалды, 4 аула аумағы су астында қалды», - делінген таратылған хабарламада.

Қаза болғандар, зардап шеккендер, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелменен.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, су деңгейі төмендеді. Еріген су транзиттік режимде Байғазы өзеніне кетуде.

«Қазгидромет» РМК ескертуіне сәйкес, 6-8 наурыз аралығында күннің күрт жылынуына байланысты Жетісу облысында қар жылдам еріп тасқын су қалыптасады, тау беткейлерінен еріген қар суы ағып, өзен-көлдерде мұз әлсірейді, су деңгейі көтеріліп, арнасынан тасиды.

«Осыған байланысты тұрғындарды үйлеріне іргелес орналасқан арық желілері мен құбырлы өткелдерді қардан, мұздан және қоқыстан тазарту шараларын қабылдауға шақырамыз», - дейді Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға