Жаңалықтар

Жетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Жетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан
Фото: polisia.kz 30.11.2022 20:14 1865

Жетісу облысында барымташылар жайылып жүрген жылқыға оқ атқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дерек Кербұлақ ауданында тіркелді. Онда полицейлер ұрланған жылқының тұтас етін автокөлікпен алып кетуге тырысқан үш күдіктіні ұстады. Күдіктілердің үшеуі де бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Белгілі болғандай, мал ұрлаушылар Долана ауылының маңындағы табынмен бірге жайылып жүрген жылқыны мылтықпен атып түсірген. Олар малды қылмыс орнында сойып, етті Toyota Camry автокөлігіне тиеп, оны Алматы қаласына өткізбек болған. Жол бойында күдіктілерді Кербұлақ АПБ қызметкерлері ұстады.

– Ұсталған үш күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2 –бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша тіркелді. Ұсталғандардан ұрланған жылқының тұтас еті мен терісі, атыс қарудың патрондары тәркіленді. Тергеу жұмыстарының аясында күдіктілердің осыған ұқсас сипаттағы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады, – деді Кербұлақ АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға