Жетісу облысында балықшыны құтқару қызметі өлімнен аман алып қалды

14.10.2023 14:51
780
Құтқару қызметінің мамандары Жетісу облысының құтқарушылары балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ырғайты өзенінің жағасында адам жартастан құлап, арқасынан түрлі жарақаттар алып, өздігінен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына ТЖД Жедел - құтқару жасағының құтқарушылары дереу жол тартты. Құтқарушылар оны зембілмен жартасты, таулы жерлермен жаяу жеткізді.
Осы орайда ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.
Бөлісу:
