Жаңалықтар

Жетісу облысында ауыз су желілерінің 37 пайызы тозған - Тоқаев

Оның айтуынша, тағы бір маңызды мәселе – ауыз судың сапалы болуын қамтамасыз ету
Жетісу облысында ауыз су желілерінің 37 пайызы тозған - Тоқаев
Фото: Ақорда 20.10.2022 10:19 1538

Жетісу жұртшылығымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев ауыз су мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz

«Жетісу халқының 90 пайызы сумен қамтамасыз етілген. Алайда, су құбыры желілерінің едәуір бөлігі (яғни, 37,5%) әбден тозған. 1,2 мың шақырым құбыр желісі күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан, өңірдегі құбыр желілерін кезең-кезеңімен жаңарту – әкімдіктің басты міндетінің бірі. Құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауда ұстау керек», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, тағы бір маңызды мәселе – ауыз судың сапалы болуын қамтамасыз ету.

«Мысалы, Текеліде жылдар бойы жалғасып келе жатқан түйткілді бәріңіз жақсы білесіздер. Қала тұрғындары таза ауыз сусыз отыр. Бұл мәселені ұзаққа созбай шешу керек. Облыс және қала әкімдері аталған тапсырманың орындалуына тікелей жауапты. Үкімет республика бюджетінен алдағы жылы қаржы бөлу мәселесін қарастыруға тиіс. Келесі маңызды бағыт – өңірді газбен қамтамасыз ету. Бұл шара халықтың жайлы өмір сүруіне, тұрмыс сапасын жақсартуға әсер етеді. Сондай-ақ, экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізеді», - деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға