Жаңалықтар

Жетісу облысында ауыр жүк көліктерін тонаған қылмыстық топ ұсталды

Жетісу облысында ауыр жүк көліктерін тонаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: polisia.kz 19.07.2023 14:38 752

Жетісу облысында ауыр жүк көліктерін тонаған 6 адамнан құралған топ ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Жетісу өңірі арқылы Алматы – Өскемен тас жолының бойымен транзитпен кетіп бара жатқан ауыр жүк көліктерінен мүлікті ұрлаумен айналысқан қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. 10 шілдеде ұзақ және үйлесімді жұмыстың нәтижесінде алты адамнан тұратын топ ұсталды, олар жүйелі түрде аса дөрекілікпен ірі партиялы жүк көліктерден түрлі тауарларды ұрлаған. Бұл топтың жұмысы ұрланған мүлікті сатуға дейін жақсы ұйымдастырылған.

Қылмыскерлердің бір схема бойынша әрекет еткені анықталды: олар түнде тас жолға шығып, фураның артында жүріп келе жатып, трассада жүк көлігі жылдамдығын бәсеңдететін және теңселмей жүретін жерлерді таңдамақ болған. Өз көліктерінің шамдарын алдын ала сөндіріп, көліктің шағылыстыратын элементтерін жапсырып қоюға тырысқан. Қарақшылар ауыр жүкке жақындап, онымен түйісу кезінде ілгегі бар арнайы жасалған баспалдақтың көмегімен жүк көлігінің төбесіне көтерілген. Екеуі жүк көлігінің төбесіне шығып, тенттің жоғарғы бөлігін кесіп, біреуі фураның ішіне кіріп, екіншісіне тауарды беріп отырды. Оның барлығы жол жиегіне лақтырылған. Біраз уақыттан кейін, сыбайластары ГАЗель автокөлігімен тауарларды жинауға кіріскен. Ұрланған заттарды сатуға Алматы қаласындағы таныстары көмектескен. Қазіргі уақытта бірнеше адамның бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Әбдікенов.

Оларды ұстау кезінде Жетісу облысының, Алматы облысының және Алматы қаласының аумағында 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға