Жаңалықтар

Жетісу облысында ауыл шаруашылығының пилоттық санағы 54 елдімекенде жүргізіледі

Жетісу облысында ауыл шаруашылығының пилоттық санағы 54 елдімекенде жүргізіледі
Фото: © El.kz 27.07.2024 03:32 515

Жетісу облысында 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері пилоттық ауыл шаруашылығы санағын 54 елдімекенде жүргізетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы бойынша ауыл шаруашылығының пилоттық санағына Ақсу ауданының Сағабүйен және Есеболатов ауылдары мен Сарқан ауданының Сарқан қаласы қатысады.  

Ауыл шаруашылығы санағына шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтарын қоса алғанда, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері, дара кәсіпкерлеро қатыса алады. Санақ жер және егіс алқаптары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының саны, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қатысты басқа да аспектілер туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.

Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы – 2025 жылғы негізгі ауыл шаруашылығы санағына дайындықтың маңызды кезеңі, ол таңдалған әдістеменің дұрыстығын және ақпараттық жүйелердің дайындығын тексеруге мүмкіндік береді, - деп атап өтті ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға