Жаңалықтар

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 600 млрд теңгеге жуықтайды

Жетісу облысында  ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 600 млрд теңгеге жуықтайды
Фото: Жетісу облысының әкімдігі 15.06.2024 04:26 667

Биыл Жетісу облысында жоспар бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 584 млрд. теңгеден асады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Саланы қолдауға осы жылы 34,9 млрд. теңге бөлінді, оның 23,2 млрд. теңгесі – субсидия. Мемлекеттік қолдау шаралары 2,5 мыңға жуық субъектіге көрсетілді. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 524,8 мың гектарға жетті. 432,5 мың га жаздық дақыл, оның ішінде дәнді дақылдар – 309,3 мың га, майлы дақылдар – 90,4 мың га, қант қызылшасы – 12,6 мың га, картоп – 10,9 мың га, көкөністер мен бақша дақылдары 9,3 мың га егілді.

Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,2%-ға ұлғайып, 57,8 млрд.теңгені құрады. Жалпы 2024 жылы Жетісу облысында 2 млн.тонна ауыл шаруашылығы өнімін жинау жоспарлануда, ал жалпы өнім көлемін 584,4 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға