Жаңалықтар

Жетісу облысында алты баланың анасын өлтіріп кетті

Жетісу облысында алты баланың анасын өлтіріп кетті
Фото: krsp.tdk 12.03.2025 18:08 569

Жетісу облысының Ескелді ауданында адам шошырлық оқиға орын алды – Қарабұлақ ауылында алты баланың анасы қаскүнемнің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде мәлім болды, кейіннен Жетісу облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

Ресми деректерге сүйенсек, қанды оқиға ішімдік ішу кезінде орын алған. Қазіргі таңда полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні қамауға алды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға