Жетісу облысында 62 млн теңгені қолды еткен ұры ұсталды

Жетісу облысында полиция фармацевтикалық компанияға қарақшылық шабуыл жасап, 62 миллион теңге ұрлаған қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов өзінің Instagram-дағы парақшасында тәртіп сақшыларының ер адамды Жетісу облысы Алакөл ауданының аумағында құрықтағанын жазды. Қылмыскер қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген еді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының полицейлері Жетісу облысы Алакөл ауданының аумағында іздеуде жүрген 42 жастағы қылмыскерді ұстады, - деп жазды Бауыржан Аленов.
Ол ер адамның қарақшылық жасағаны үшін іздестірілгенін түсіндірді.
2019 жылдың сәуірінде ол атыс қаруымен қорқытып, фармацевтикалық компанияға қарақшылық шабуыл жасап, 62 миллион теңгені иемденді, - деді полиция бастығы.
Қазақстандық қамауға алынды, полиция қылмыстың барлық егжей-тегжейін анықтайды.
