Жетісу облысында 51 жастағы азаматты көлік қағып кетті
Фото: Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі
Фото: Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі
15.10.2023 09:10
1474
Алматы-Өскемен тас жолында 51 жастағы ер адам Mercedes көлігінің астында қалды. Жаяу жүргіншіні көлік соққан сәт бейнетіркегішке жазылып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Жетісу облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 14 қазанға қараған түні Алакөл ауданында болды. Mercedes Benz 519 CDI автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолының 524 шақырымында жолда отырған ер адамды қағып кеткен. Тәртіп сақшылары марқұмның түнгі уақытта жол бойында болу себебін анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,- деп жазылған департамент таратқан ақпаратта.
Жетісу облысының полицейлері азаматтарды жолдарда мұқият болуға, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелері мен жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуро-2024: Украина құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізді