Жаңалықтар

Жетісу облысында 5 млрд теңгеге жуық қаржыға 8 жоба іске қосылады

Жетісу облысында 5 млрд теңгеге жуық қаржыға 8 жоба іске қосылады
Фото: Жетісу облысының әкімдігі 28.02.2024 02:25 724

Өткен жылы Жетісу облысында ірі қара мал мен жылқы саны орта есеппен 11%-ға өсті, тиісінше ет пен сүт өндірісінің көлемі де ұлғайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, 2023 жылы 340 басқа арналған 2 бордақылау алаңы және 2,6 мың басқа арналған 4 тауарлы сүт фермасы құрылды. Бүгінгі күні өңірде 29 мың басқа арналған 74 бордақылау алаңы мен 8,2 мың басқа арналған 36 сүт фермасы, қуаты жылына 380 млн. жұмыртқа шығаратын «Көгер ЛТД» ЖШС құс фабрикасы жұмыс істейді.

Биыл агроөнеркәсіп кешенінде сомасы 4,9 млрд. теңгеге 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Сол қатарда қуаты жылына 100 тонна болатын Панфилов ауданында сүт цехы, 700 бас ірі қараға арналған 2 бордақылау алаңы ашылады, Көксу ауданында 667 га алаңға су үнемдеу технологиясы енгізеді және жалпы 1650 басқа арналған 3 тауарлы сүт фермасы кеңейтіледі деп межеленіп отыр, - делінген басқарманың хабарламасында.  

Сол сияқты аграрлық өнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту үшін 2026 жылға дейін жалпы сомасы 66,3 млрд. теңге болатын, 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылатын 30 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға