Жетісу облысында 19 үйдің ауласын су басты

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
11.03.2024 12:50
764
Жетісу облысында егістіктерден қардың қарқынды еруі нәтижесінде Бескөл станциясының жеке тұрғын үйлерінің 19 аула аумағын су басқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
ТЖД және ЖАО шамамен 60 адамы, 20-ға жуық техникасы үйінді бөгенін орнату бойынша жұмыстар жүргізуде, 300 метр бөген тұрғызылды.
Аула учаскелерінен еріген қар суын сорып алу жүргізілуде, 640 текше метр су сорылды. Жұмыстар жалғасуда.
Бөлісу:
