Жаңалықтар

Жетісу облысында 16 мыңнан астам балаға қайырымдылық қолдау көрсетіледі

Жетісу облысында 16 мыңнан астам балаға қайырымдылық қолдау көрсетіледі
Фото: Жетісу облысының әкімдігі 31.07.2024 02:28 501

Жетісу облысында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы биылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 24500-ге жуық баланың мектепке дайындығына жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында жыл сайын тұрақты ұйымдастырылады.

Мектепке дайындық үшін қайырымдылық көмек көрсетуге әлеуметтік осал топтағы 16 500 баланың тізімі жасалды. Сонымен қатар Үкімет қаулысына сәйес әлеуметтік жағынан осал отбасыларының 24 453 баласын киім-кешек, кеңсе тауарларымен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 1 млрд. 61 млн. теңге қаражат бөлінді, яғни 1 балаға 43 407 теңгеден бөлінген. Қаражат ата-аналардың карточкалық есепшоттарына 10 тамызға дейін толық аударылады, - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов.

Сол сияқты акция аясында облыстағы аудан орталықтары мен қалалардың орталық және ірі сауда орындарында мектеп тауарларын төмендетілген бағамен сататын мектеп жәрмеңкелерін өткізу жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға