Жетісу облысында 16 көлік жанып кетті

Фото: Жетісу облысы ПД
Фото: Жетісу облысы ПД
23.08.2024 23:12
680
Жетісу облыстық полиция департаменті бүгін 23 тамызда сағат 18:15 шамасында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының 278 -шақырымында жол-көлік оқиғасы болғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған.
Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр, - дейді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл соңғы үш күнде адам өлімімен аяқталған 4-жол көлік оқиғасы.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда әйел адамның мәйіті табылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қызметкерлері құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды