Жаңалықтар

Жетісу облысында 14 жастағы қызды зорлаған математика мұғалімі сотталды

Жетісу облысында 14 жастағы қызды зорлаған математика мұғалімі сотталды
Фото: Коллаж El.kz 03.05.2024 18:17 12953

Жетісу облысында 14 жастағы қызға зорлық-зомбылық көрсеткен педагог 20 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушы Ж.-ның әрекеті заң бойынша аса ауыр қылмыс санатына жатқызылып, оның кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен толық дәлелденген.

39 жастағы педагог ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқарғаны үшін бұл қызметте істеуге өмір бойына тыйым салумен, жазасын орта ортада өтеумен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал жәбірленуші Г.-ның заңды өкілінің пайдасына бес миллион теңге моральдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға