Жаңалықтар

Жетісу облысы құрылғалы өңірде отызға жуық спорт кешені ашылды

Жетісу облысы құрылғалы өңірде отызға жуық спорт кешені ашылды
Фото: Жетісу облысының әкімдігі 17.04.2025 05:27 632

Жетісу облысы құрылғалы бері 30 спорт нысаны жаңадан салынып, 3-еуі күрделі жөндеуден өткізілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайда үш жыл ішінде спорт саласының инфрақұрылымын жаңарту деңгейі 55,8 пайызға жетті. Өңірдегі елді мекендерде 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 7 спорт кешені, 2 күрес залы, 10 блок-модульді спорт кешені, 2 футбол манежі, 2 ангар үлгісіндегі спорт кешені, мұз аренасы, стадион, спортшыларға арналған тұрғын үй, үстел теннисінің орталығы, волейбол  орталығы және волейболшыларға арналған тұрғын үй салынған

Өткен жылы іске қосылған нысандардың ішінде «Жетісу» кәсіби волейбол клубына арналған заманауи волейбол орталығын, сондай-ақ спортшыларға арнап инвестор салған төрт қабатты тұрғын үйді ерекше атауға болады. Ондағы екі бөлек жаттығу залында «Жетісу» КВК ерлер, әйелдер командаларының негізгі құрамы және жастар дубль-құрамдары жаттығады. 

Талдықорғанда кәсіби волейболды одан әрі дамыту үшін тамаша жағдай жасалып, көмек көрсетіліп отыр. Біздің өз заманауи жаттығу базамыздың болғаны бізге үлкен көмек болды. Біз сәтсіздікте де, жеңісте де бірге болдық, сол ұйымшылдығымыздың арқасында, жасалған жағдайлардың нәтижесінде «Жетісу» клубының бұрынғы даңқын қайтарып ала алдық, - дейді  команда капитаны Карина Денисова.

Еске салсақ, "Жетісу» волейбол қыздар командасы 2024-2025 жылдардағы маусымда үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Яғни ҚР Чемпионатын тоғызыншы рет, сол сияқты Кубогын да тоғызыншы мәрте, Суперкубокты төртінші мәрте жеңіп алды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға