"Жетісу" футбол клубының директоры жемқорлық күдігіне ілінді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
03.06.2024 22:46
680
Жетісу футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі. Ол 2022-2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жымқырған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексеріліп, тергеу амалдары жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада ауқымды «Опералия-2024» халықаралық фестивалі басталды
Келесі жаңалық
Абай облысында мектеп аумағындағы қазандықта жарылыс болды