Жаңалықтар

Жетісайлық шаруаларға “Алтын орда” базарынан тегін орын беріледі

Жетісайлық шаруаларға “Алтын орда” базарынан тегін орын беріледі
10.07.2023 12:45 924

Алматыдағы "Алтын орда" базарында Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін өз өнімдерін делдалсыз қала тұрғындарына сатуға арналған арнайы тегін орын белгіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгіленген орында шаруалар бақша, көкөініс өнімдерін сата алады.

Ол үшін бақша, көкөніс дақылдарын өсіруші шаруалар жергілікті ауылдық округінің әкімшілігінен анықтама алып, өздерімен бірге алып барулары қажет.

Оқи отырыңыз:

Анықтама алу үшін шаруа ауылдық округ әкімі аппаратына мына құжаттарды алып барулары қажет:

1. Шаруа қожалығының тіркеу туралы куәлігі (патент);

2. Шаруа қожылығы басшысының жеке куәлігі;

3. Өнімді алып баратын шаруа қожалығы өкілінің жеке куәлігі;

4. Алматы қаласына өнімді аппаратын көлік құралының тіркеу туралы куәлігі (техпаспорт).

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Түркістан облысының шаруалары қауын-қарбызын сата алмай, малға беруге мәжбүр екені айтылған видео таралған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға