Жетісай базарындағы өртке байланысты комиссия құрылды
Фото: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
26.08.2022 12:55
1887
Жетісайдағы «Күлпаршын» базарындағы өртке қатысты комиссия құрылды, деп хабарлайды El.kz.
«Базардан шыққан өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды», - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылды.
Оған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жетекшілік етеді. Комиссия алдында ең алдымен зардап шеккендердің санын есептеу, материалдық залалды бағалау, міндеті тұр. Қазіргі уақытта базардың басшылығы мен құрылтайшылары және аудан билігі сатушылармен кездесті.
Бұған дейін хабарланғандай, базардағы сауда қатарларының тығыз орналасқан жері , маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумағы отқа оранған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте бас шырша шамы жағыла сала өртенді