Жеті жасар қыз ата-анасының атына несие рәсімдеген
Фото: El.kz/Мария Рузматова
Фото: El.kz/Мария Рузматова
12.01.2025 08:36
228
Оқиға Ресейдің Томск қаласында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алаяқтар бірінші сынып оқушысын танымал онлайн ойын арқылы алдаған. Бүлдіршін өзіне алаяқтардың берген тапсырмасын ойын валютасын табуға арналған деп ойлап, нәтижесінде қаскөйлердің нұсқауымен ата-анасының атына 500 мың рубльге бірнеше несие рәсімдеген, бұл шамамен 2,5 миллион теңге.
Алаяқтар қыз баланы ойын валютасын алу үшін ата-анасының телефондарын суретке түсіру керек деп сендірген. Нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен оқушы онлайн-несие рәсімдеп, қомақты қаражатты алаяқтарға аударған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Францияда екі пойыз соқтығысты