Жаңалықтар

Жеті баланың әкесі әйелін балғамен ұрып өлтірді

Жеті баланың әкесі әйелін балғамен ұрып өлтірді
Фото: pixabay.com 10.01.2025 14:42 217

Өзбекстанда көп балалы әке әйелін балғамен ұрып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан Жоғарғы соттың мәліметінше, қылмыс Ташкенттің Юнусабад ауданында болған. 31 жастағы ер адам 38 жастағы әйелімен жанжалдасып қалған. Отбасындағы ұрыстың соңы кісі өлімімен аяқталады.

Сотталушының айтуынша, әйелі онымен жиі ұрсып, балаларын қамтамасыз ете алмай жүргенін бетіне басқан.

Бізде жеті бала бар және бәрі жақсы болды, бірақ ол менімен жиі дауласатын. Ол анама тіл тигізген кезде, балғамен ұрып тастадым, - деді ол.

Сот ер адамды Өзбекстан Қылмыстық Кодексінің 97-бабының 1-бөлігі бойынша (қасақана кісі өлтіру) кінәлі деп тапты. Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға