Жаңалықтар

Жетекші журналистер мен сарапшылар клубының отырысы

Жетекші журналистер мен сарапшылар клубының отырысы
31.07.2018 07:53 1829

Ағымдағы жылдың 31 шілдесі күні, Талдықорған қаласындағы Тіл сарайының мәжіліс залында, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетекші журналистер мен сарапшылар клубының «Қазақтану ғылыми-ағартушылық жобасын БАҚ-та насихаттаудың рөлі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жиынның мақсаты — Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақтану ғылыми-ағартушылық жобасын, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін БАҚ-та насихаттау, және журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының ережесімен таныстыру.

Жиынға облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Атсалим Идигов төрағалық етті.

Дөңгелек үстел отырысына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Қоғамдық келісім, Аналар кеңесінің төрағалары, ҚХА жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы мен мүшелері, аудандық газет редакторлары мен тілшілері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, «Достық үйі — Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру  аясында  Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. 

Ол Қазақстан жұртшылығының бойында біртұтас ортақ құндылықтарды қалыптастырудың негізі ретінде қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын дәріптеуге, сондай-ақ Қазақстан этностарының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын ілгерілетуге бағдарланған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға