ЖЭС салуға және қайта жаңғыртуға 144 млрд теңге бөлінді

Фото: kk.m.wikipedia.org
Фото: kk.m.wikipedia.org
16.03.2023 12:41
1495
Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Биыл қыста болған апаттар жылу нысандарының әбден тозғанын көрсетті. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің жылу энергетикалық жүйесін салуға және қайта жаңартуға қосымша 144 млрд теңге бөлінді», деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат төрағасы мемлекет басшысының барлық тапсырмасы сапалы және белгіленген мерзімде орындалуы тиіс екендігін мәлімдеді.
Осыған дейін ол ауылдық жерлерде, денсаулық сақтауды жаңғыртуға, азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, өңірлерде мәдениет және спорт нысандарын салуға баса мән берілетіндігін мәлімдеген болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосады
Келесі жаңалық
Елордада кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды