Жаңалықтар

«Жер күнінде» мыңнан астам көшет егіледі

Табиғатты қорғау
27.04.2016 04:26 6112

23 сәуір күні елордада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жер күніне орай мыңнан астам ағаш отырғызылады. Олардың қатарында Сиверс алмасы, емен, қызыл шетен, ақ қайың, сібір шыршасы, ақ тал, пирамидалы терек, қызылтал, сондай-ақ, бальзам иісті терек ағашы бар.

Сурет ofshoram.net сайтынан алынды

– Дала өсімдіктері көп өсетін біздің далаларда ағаш аз. Сондықтан, жастарды ағаш отырғызуға шақырамыз. Ағашты неғұрлым көп отырғызсақ, ауа соғұрлым таза болады, – дейді «Тұрақты даму» Жер қорының биологы Валентина Ободовская.

Қазақстанда Ұлттық орман отырғызу күні алғаш рет 2014 жылы 19 сәуірде өткізілді. Биылғы акция «Барыс-Арена» мұз айдыны жанында өтеді. Айта кетейік, биыл қаланы абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары Астананың үш ауданында жүргізіледі. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, бұл күні Астанада 16 мыңнан астам ағаш егіледі.

Қазір көгалдандыру объектілерінде тиісті орындар дайындалып, көшеттер қойылды, инерттік материал (құнарлы жер, топырақ, қара топырақ) қажетті мөлшерде әкелінді. Орынбор көшесінде және «Арай» паркінде, Ақыртас, Ғабдуллин, Уәлиханов көшелерінде, Тілендиев даңғылында және т.б. жерлерде жаппай ағаш отырғызылады. 


Әзірлеген – Айбота Өтеулі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға