Жаңалықтар

Жер учаскелерін беру тәртібіне өзгерістер енгізілді

Жер учаскелерін беру тәртібіне өзгерістер енгізілді
Фото: ©El.kz/Мария Рузматова 17.04.2025 21:45 411

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2020 жылғы 1 қазандағы №301 ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер учаскелерін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, өзгерістер республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар қалалардан жер учаскелерін беру тәртібі көзделген 17-қосымшаға қатысты. Қосымшада ортақ үлестік меншікке немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығына үлестерді ресімдеу тәртібі нақты көрсетілген.

Аталған нормаларды енгізу — жер учаскелерін үлестік қатысу арқылы ресімдеу кезінде өтініш берушілер тап болатын өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Процестер оңтайландырылып, әрі қарай автоматтандыруға бейімделген. Бұл рәсімдердің ашықтығын арттырып, құжат ресімдеу үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік береді, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы мемлекеттік тіркеу сатысында. Тіркеу рәсімі аяқталып, ресми түрде жарияланғаннан кейін бұйрық он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға