Жаңалықтар

Жер сілкінісі: Жамбыл облысында 17 әлеуметтік нысан бүлінген

Жер сілкінісі: Жамбыл облысында 17 әлеуметтік нысан бүлінген
Фото: Видеодан алынған кадр 31.03.2025 09:05 511

Үкіметтің жұмыс тобы жер сілкінісі болған аудандарға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті. Баспаналары зардап шеккендерге атаулы көмек көрсетілетіні айтылды.

Бүлінген ғимараттардың ішінде 11 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 2 әлеуметтік қорғау, 1 спорт және 1 мәдениет нысаны бар. Сондай-ақ 104 тұрғыннан баспаналарына зақым келгені туралы арыз-шағым түскен. Тұрғын үйлерді тексеру және шығын көлемін анықтау жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, 28 наурыз күні Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға