Жаңалықтар

«Жер сағаты»: Астанада 50-ге жуық нысан жарықты өшірді

«Жер сағаты»: Астанада 50-ге жуық нысан жарықты өшірді
Фото: Астана әкімдігі 23.03.2025 12:15 438

22 наурыз күні дүние жүзіндегі мыңдаған ғимараттар мен сәулет нысандарындағы жарық бір сағатқа сөндірілді. Бұл акцияны елордадағы 50-ге жуық нысан қолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сағат 20:30-21:30 аралығында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтті. Осы уақыт аралығында әлемнің әртүрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшірілді.

«Жер сағаты» — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам қатысады. Бұл әртүрлі елдердің миллиондаған адамдары 1 сағатқа шамдары мен электр құралдарын сөндіретін, ал әлем бойынша мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықты өшіретін уақыт.

2025 жылы Қазақстанда «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау мәселесіне арналған.

22 наурызда Астанада 50-ге жуық нысан жарықты бір уақытта өшіріп, акцияны қолдады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға