Жаңалықтар

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы көрсетілді

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы көрсетілді
Фото: gov.kz 30.10.2024 21:27 416

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бүгін Цифрлық Үкіметті қолдау орталығының алаңында жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Demo day шарасына «Chamber of mines» Қазақстандық тау-кен палатасының, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және басқа да жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері қатысты.

Demo Day қатысушыларына ыңғайлы цифрлық сервистерді алуға және геологиялық-геофизикалық зерделеудің интерактивті картасымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жаңартылған функционалы көрсетілді.

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының функционалын өзгерту және цифрлық сервистерін әзірлеу ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ күшімен жүзеге асырылды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова қазір инвестордың барлауға/өндіруге өтінім беруінен бастап оның аукционына және лицензия беруіне дейін үздіксіз цифрландырылған процесс қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Жер қойнауын пайдалану департаментінің, Геология комитетінің және "Ұлттық геологиялық қызмет" акционерлік қоғамының өкілдері жер қойнауын пайдаланушыларды толғандыратын сұрақтарға жауап берді.

Жер қойнауын пайдаланудың «minerals.e-qazyna.kz» бірыңғай платформасы 2024 жылғы 1 қарашада іске қосылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға