Жер кадастрының толық базасы жақында қолжетімді болады
Қазіргі уақытта орын алған ақаудың себептері анықталды.
12.08.2022 05:38
3308
2022 жылы 15 тамызда мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің порталында ақпаратқа толық қолжетімділікті жаңарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды EL.KZ.
Биылғы жылдың шілде айының ортасында базада техникалық ақау орын алып, бұл aisgzk.kz сайтындағы жер учаскелері туралы мәліметтердің қолжетімсіз болуына әкелген болатын. Қазіргі уақытта орын алған ақаудың себептері анықталды. Мамандар тобы тәулік бойы ақаулықтарды жою бойынша жұмыс істеді. Техникалық жұмыстар ең қысқа мерзімде аяқталады - деп хабарлады АШМ.
aisgzk.kz порталдағы кадастрлық картаның көмегімен кез келген азаматтың Қазақстанның жер пайдаланушылары туралы ақпаратты білуге мүмкіндігі бар.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
БҚО-да автокөлік аударылып екі адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Мұрат Нұртілеу Ресей Елшісімен кездесті