Жаңалықтар

Жеңістің 80 жылдығы: Астанада іс-шаралар жоспары талқыланды

Жеңістің 80 жылдығы: Астанада іс-шаралар жоспары талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 07.02.2025 22:34 120

Бүгін Астанада Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрілігінің мәліметінше, іс-шарада Үкімет қаулысымен қабылданған 2025 жылы Жеңістің 80 жылдығына дайындалу және оны мерекелеу бойынша «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты республикалық іс-шаралар жоспарын бірлесіп жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Отырысқа мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова қатысты. Ол қатысушыларды Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге байланысты атқарылатын идеологиялық жұмыс туралы хабардар етті.

Министрлік жыл сайын ардагерлер ұйымымен бірлесіп ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, тарихқа құрметпен қарауға, патриоттық сезім мен азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізуде, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру аясында өңірлерде 260 мыңнан астам жасты қамтитын 9 мыңға жуық ұйым қызмет етеді. Өткен жылдың өзінде 2 млн-нан астам бала мен жас қатысқан 2,5 мыңнан астам іс-шара өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға