Жаңалықтар

«Жеңісімді ата-анама арнаймын»: Ғалия Тынбаева жекпе-жегіне қатысты ойын айтты

«Жеңісімді ата-анама арнаймын»: Ғалия Тынбаева жекпе-жегіне қатысты ойын айтты
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы 10.05.2024 22:40 770

Дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде топ жарған Ғалия Тынбаева бүгінгі жарысты қорытындылап, қолдау көрсеткен жандарға алғысын білдірді. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы жарыстан медаль алайыншы деп тіледім. Көбірек дұға еттім. Қазақстанда өтіп жатқан соң, финалға шығып, алтын алсам дп армандадым. Бәрі сәтті аяқталды.

Бүгінгі қарсыластарымның бәрі де мықты. Ал финалдағы қарсыласым Сабина Гилязованы ерекше атап өткім келеді. Ташкенттегі турнирде де сол қыздан жеңілдім. Екеуміз өзара бірнеше рет кездестік. Бүгін, міне, жеңіс маған бұйырды.

Маған қолдау білдірген жанкүйерлерге, маған көмек қолын созған барлық жанға рахмет айтамын.

Бүгінгі жеңісімді ата-анама арнаймын. Қиындықта да, қуанышта да қасымда болған солар. Енді әлем чемпионатына дайындалып, сол жақта да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын, - деді Тынбаева. 

Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді. Қазақстандық спортшы алдымен «ваззари», кейін «иппон» ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады

Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam  додасының алтынын алып отыр. Ол турнирдің финалына өз мансабында алғаш рет шыққанын да айта кету керек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға