Жаңалықтар

Жеңіс күні: Қызыл армия қатарына қанша қазақстандық шақыртылды

Жеңіс күні: Қызыл армия қатарына қанша қазақстандық шақыртылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 29.04.2025 21:42 158

9 мамыр қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысында қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі туралы жазбалар циклын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1941 жылдың 22 маусымы, жаймашуақ жексенбі күн еді. Мәскеу уақытымен 12:00-де КСРО Сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов радиодан нацистік Германия басып кіргенін хабарлады.

Осы сәттен бастап Қазақ КСР-індегі әскери комиссариаттар үш күн тәулік бойы жұмыс істеді. Әскерге шақырылғандар да, өз еркімен келгендер де көп болды.

1939 жылдан 1941 жылдың маусымына дейін Қазақстаннан 187 мың жауынгер Қызыл армия қатарына шақырылды, олардың 40 600-і қазақтар болды.

Көптеген қазақстандық соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап майдан шебінде болды. Кейін 22 маусым кешіне қарай олардың басым көпшілігі қаза тапқаны немесе із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды.

Соғыс жылдары майданға Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам аттанды. Бұған дейінгі 187 мың сарбазды қоса есептегенде, Қазақстаннан барлығы 1 366 000 адам соғысқа аттанған.

600 мыңнан астам қаза тапқан жауынгердің есімі Естелік кітабына енгізілді. Ал 270 мыңнан астам қазақстандықтың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға