Жаңалықтар

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды
Фото: ©El.kz/Диана Орынбасар 11.04.2025 17:16 674

«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты халықаралық сурет көрмесі Астанадағы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде өз жұмысын бастады. Шара Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінің кәсіби суретшілері дайындаған 100-ге жуық туынды қойылған.

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Жоба ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі, Қазақстан Суретшілер одағы, Қазақстан Сурет академиясы, сондай-ақ «Отанға сыйлық» жобасы мен «Соғыс балалары» одағының бірлескен бастамасымен жүзеге асырылып отыр.

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Бұл көрме – алдағы уақытта еліміздің әр өңірінде жалғасын табатын ірі жобаның бастамасы. Басты мақсатымыз – соғыс ардагерлерінің ерлігін ұлықтау, өнер арқылы жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру және музей ісін дамыту. Экспозиция бір ай бойы жалғасады. Кіру тегін, – деді ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи музейінің бастығы Дәулет Қадыров.

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Көрмеге қойылған картиналарды Қазақстан Суретшілер одағы мен Қазақстан Сурет академиясы жинақтаған. Сонымен қатар музей тарапынан 15 туынды ұсынылған.

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Туындылардың тақырыптық ауқымы кең. Онда тек ұрыс даласындағы шайқастар ғана емес, соғысқа дейінгі және одан кейінгі ауыр жылдар, майданнан баласын күткен ананың бейнесі, тылдағы еңбек, ауыл өмірі мен соғыстан кейінгі жандану сияқты түрлі мазмұндағы сюжеттер көрініс тапқан. Сондай-ақ картиналарды салған суретшілердің ішінде 15,16 жастағы өнерпаздардың да еңбегі қойылған. Ендеше көрмеден фоторепортаж назарларыңызға ұсынамыз.

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Жеңіс-80: Астанада халықаралық сурет көрмесі ашылды

Суреттер: ©El.kz/Диана Орынбасар

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға