Жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Бұл туралы ИИДМ мәлім етті
Жеңілдетілген автонесие алу тәртібі өзгеруі мүмкін
Фото: sn.kz 24.01.2023 13:53 1278

Ай соңына дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрдің сөзінше, осы аптада Индустриялық даму қоры брифинг өткізіп, одан кейін мерзімдері мен шарттары белгілі болады.

"Бұл жерде мәселе тұтастай алғанда бағдарламаның механизмін қайта қарау туралы болып отыр, егер бұған дейін олар автосалондарға жүгініп, содан кейін ғана банкке барса, енді "Индустриялық даму қоры" АҚ басқа механизмді ұсынады: алдымен өтініш беру үшін қорға электронды кезек пайда болады, содан кейін автосалондар өздерімен келісілген белгілі бір мерзімде автокөлікті бере алады", - деді ҚР Индустрия және индустриялық-инновациялық даму министрі Марат Қарабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға